Харрисон Фордты шұғыл түрде тікұшақпен түсірілім алаңынан ауруханаға жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Харрисон Фордты шұғыл түрде тікұшақпен түсірілім алаңынан ауруханаға жеткізді

Харрисон Фордты шұғыл түрде тікұшақпен түсірілім алаңынан ауруханаға жеткізді

«Звездные войны. Эпизод VII» фильмінің түсірілімі кезінде Харрисон Форд  зардап шекті. 71 жастағы актер тізесін жарақаттап алып, медициналық тікұшақпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

  • 13 Маусым 2014
  • 313
Фото - Caravan.kz

Түсірілімді Pinewood ағылшын киностудиясы Лондонға жақын жерде жүргізіп жатқан. БАҚ мәліметтері бойынша, Фордтың аяғына бір ауыр зат құлап кеткен, кейбір деректерге қарағанда, ол гидравликалық есік болған.

Сонымен бірге, актердің жарақаты кинокартинаның түсіріліміне бөгет болмауы тиіс деп те хабарлануда. Фордтың ресми өкілдері бұл мәліметтерге байланысты әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.