Бұған елдегі экономикалық болжамдардың нашарлауы мен монетарлық саясат тиімділігінің төмендеуі түрткі болған көрінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімдік рейтингі «BBB+» деңгейінде.
«Қашаған кенішінде мұнай өндіру процесінің кідіруіне немесе ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін құрылымдық реформалардың жасалмауына байланысты экономикалық өсім бұрынғы болжамдардан төмен болуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Агенттік 2014 жылы Қазақстанның ІЖӨ-і 4,5 пайызды құрайды деген болжам жасап отыр.