Қарағандыда жол апатынан мотоцикл айдаушысы мен оның жолаушысы қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жол апатынан мотоцикл айдаушысы мен оның жолаушысы қаза болды

Қарағандыда жол апатынан мотоцикл айдаушысы мен оның жолаушысы қаза болды

Қарағандыда жеңіл автокөлік пен мотоциклдың соғысуынан екі адам қаза болды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

  • 16 Маусым 2014
  • 384
Фото - Caravan.kz

Апат кеше Ермеков пен Газалиев көшелерінің қиылысында болған.

«ВАЗ-2107» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Ермаков көшесінен 45-квартал бағытында келе жатып, жол ережесін сақтамай «HONDA»  мотоциклімен соғысты. Мотоциклды 26 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан. Апат зардабынан жүргізушінің өзі мен 26 жасар жолаушысы қаза тапты», — делінген хабарламада.

ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірқатар сараптамалар тағайындалды, «ВАЗ 2017» автокөлігінің жүргізушісі уақытша қамаққа алынды, деп қосты облыстың ІІД баспаөз қызметі.