Бұл туралы мемлекеттік Статистика агенттігі төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Биылғы жылдың 1-сәуіріне берілген мәліметтерге сүйенсек, Астанада тұрақты тұратын халықтың саны 825 мың 400 адамға жетті. Елордада 100 әйелге 93 еркектен келеді. Соңғы 10 жылда Астана халқының саны 62 пайызға өсті», — деді Ә.Смайылов дүйсенбідегі брифингте.
2014 жылдың 1-мамырында Қазақстан халқының саны 17 млн 244 мың 400 адамға жеткен болатын.