Каспий теңізіндегі Кендірлі курортын дамытуға түркиялық инвесторлар қатысуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізіндегі Кендірлі курортын дамытуға түркиялық инвесторлар қатысуы мүмкін

Каспий теңізіндегі Кендірлі курортын дамытуға түркиялық инвесторлар қатысуы мүмкін

Қазақстан Түркиямен Маңғыстау облысындағы Кендірлі курортын дамыту жобасын қаржыландыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

  • 16 Маусым 2014
  • 1667
Фото - Caravan.kz

«Алғашқы инвесторларымыз да бар. Түркия жобаның бастапқы бөлігін жүзеге асыруды ұсынды. Қазір үкіметпен келіссөздер жүріп жатыр. Оған «Самұрық-Қазына» мен қордың бөлімшелері де қатысуда», — деп дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында» вице-премьер – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Оның ойынша, келіссөздер күзге қарай аяқталып, «алғашқы инвестор да белгілі болмақ».

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Кендірлі жобасының жалпы құны 3,3 млрд долларға бағаланып отыр. оның 1,96 млрд доллары 2020 жылға дейін инвестиция есебінен тартылуы тиіс.


Жоба бойынша 22 қонақ үй мен 60 мың орындық 16 мың 400 резиденция салу көзделген. Қалалық бөлшек сауда орталықтарын, ашық және жабық спорт нысандарын, 3 гольф алаңын, яхталар аялдайтын айлақ, жергілікті халыққа арнап әртүрлі қоғамдық нысандар салу қарастырылып отыр.