Дариға Назарбаева елімізде емдеу-сауықтыру туризмін дамытуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева елімізде емдеу-сауықтыру туризмін дамытуды ұсынды

Дариға Назарбаева елімізде емдеу-сауықтыру туризмін дамытуды ұсынды

Мәжіліс вице-спикері Дариға Назарбаева Қазақстанда емдеу-сауықтыру туризмін дамытуға қажетті жағдайдың бәрі бар деп есептейді.

  • 16 Маусым 2014
  • 799
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі таңда медициналық сауықтыру туризмі де туризм саласында маңызды орынға ие. «Демалыс маусымының аралығында туристерге не ұсынамыз?» деп жатырмыз. Сауықтыру орындарын салыңыздар – ондай жерлерден жыл бойы турист үзілмейді. Бүгінде біздің азаматтарымыз жасару үшін, арықтау үшін, пластикалық операциялар жасату үшін мыңдаған шақырым жол жүріп, шетелдік курорттарға барады», — деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында».

Д.Назарбаеваның айтуынша, мұндай индустрияда әлемде кең таралған. «Бізде оған қажетті жағдайдың бәрі бар: минералды бұлақ көздері де бар, емдік балшық та бар. Яғни, біздің жеріміз бұл жағынан бай», — деп атап өтті депутат.