Финляндия премьері отставкаға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Финляндия премьері отставкаға кетті

Финляндия премьері отставкаға кетті

Финляндия премьер-министрі Юрки Катайнен (Jyrki Katainen) бүгін дүйсенбіде президент Саули Ниинистеге (Sauli Niinisto) отставкаға кету туралы өтініш берді.

  • 16 Маусым 2014
  • 317
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, президент оның өтінішін қанағаттандырды және жаңа премьер тағайындалғанша жұмысты жалғастыруды сұрады.

Жаңа премьер Еуропалық одақ пен сыртқы сауда істері министрі Александр Стубб (Alexander Stubb) болмақ.

Парламент жаңа үкіметтің бағдарламасын жазғы каникулға шыққанша мақұлдап бермек.


Ю.Катайнен қараша айында жұмысқа кірісетін Еуропалық комиссияның жаңа құрамының өкілі болмақ.