деп хабарлады Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Ерлан Сағадиев.
"Заңдардағы қайшылықтарға тоқталсам деп едім. Біріншісі- еркін экономикалық аумақ шеңберіндегі басқарушы компаниялардың мүлікке төлеу міндеті. Бұл үлкен мәселе, өйткені инфрақұрылым басқарушы компанияның балансына өткізілген кезде (бұл жоспарда бар, халықаралық деңгейге жеткізу мақсатында) қатысушылар үшін тариф күрт артады, деді ол мәжілісте "Нұр Отан" партиясы фракциясы жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында.
Екінші мәселе, оның ойынша, басқарушы компаниялар қатысушылар үшін қаржылық қамсыздандыруды ойластыруы шарт. Бұл басқарушы компаниялардың шотында ақшаның болуын міндеттейді, өйткені онда ақша болмайды, сол себепті бұл мәселені шешу керек ",деді ол.
Ендігі бір мәселе ретінде ол қосымша құн салығын қайтару механизмінің жоқтығын атады.