Тараздағы жалғыз троллейбус паркі банкротқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздағы жалғыз троллейбус паркі банкротқа ұшырады

Тараздағы жалғыз троллейбус паркі банкротқа ұшырады

Тараздағы жалғыз троллейбус паркі бар болғаны 1 млн. 300 мың теңгеге ашық саудаға шығарылды. Компанияның мұнша су тегін сатылуына қарызға белшеден батуы себеп болыпты. Серіктестік электр қуаты мен жұмысшыларға 8 млн. теңге берешек. Соның кесірінен енді қалада тоқпен жүретін қоғамдық көлік қалмайын деп тұр.

  • 17 Маусым 2014
  • 313
Фото - Caravan.kz

 «Тараз-коммуналкөлік» мекемесі тығырықтан шығу үшін алақан жайып, әкімдіктен ақша сұраған. Бірақ ондағылар ауыздарын қу шөппен сүрткен көрінеді. Шығыны көп паркті қазына қаржысына ұстап тұру тиімсіз деп тапқан. Осыдан екі жыл бұрын 20 млн. теңгеге дейін дотация бергізіп келген шенділердің бұл жолы не үшін тартынып қалғаны түсініксіз. Былтыр ғана Алматыдан қайтарымсыз 10 қоғамдық көлік алынған екен. Енді сол ескі троллейбустары түкке жарамай, қаңтарылып тұр. Ал 35 жылдық тарихы бар паркті қайта жандандыруға мүдделі басшы, билікке өзі де ұсыныс жасап отыр. Бірақ одан нәтиже шығатынына сенбейтін сияқты. 


Керімхан Тамаев, «Тараз-коммуналкөлік» ЖШС директоры:

-Біздің сұраныс муниципалдық  автобус сатып алып берсе дейміз. Осы біздің 10-15 тролейбус жүретін болса, оған қосымша 20 газбен жүретін автобустар болса, біздің шығындарымызды электр энергия және еңбекақыға толығымен жетер еді. Мұндай тәжірбие Алматыда бар.