Петропавлда универститет оқытушысы жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда универститет оқытушысы жоғалып кетті

Петропавлда универститет оқытушысы жоғалып кетті

Петропавлда бір аптадан бері универститет оқытушысы іздестіріліп жатыр. Студенттерін сауықтыру лагеріне өндірістік тәжірибеге апарған Ербұлан Ұстабаев кешке қарай Есілге жалғыз шомылуға кетіп, сол күйі оралмапты.

  • 17 Маусым 2014
  • 236
Фото - Caravan.kz


Алғашқы әскери дайындық пәнінен беретін 38 жастағы ұстазды лагерде бірге болған студенттері мен әріптестері соңғы рет өткен дүйсенбінің кешінде көрген. Лагерь маңындағы жағалау тік жар, шомылуға өте қауіпті дейді мамандар. Оқыс оқиға болған соң мұғалімдер студенттерді үйлеріне қайтарып, іздеу тобын құрған. Оларға Ербұланның туыстары мен достары да қосылыпты. Облыстық құтқару қызметінің мамандары мен тәртіп  сақшылары да Есілдің бойымен 35 шақырымдай жерді жүріп өткен. Сүңгуірлер де суды сүзіп шыққанымен, одан еш нәтиже болмады.