Депутаттарды отандық шипажайлардың бағасы шошындырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттарды отандық шипажайлардың бағасы шошындырды

Депутаттарды отандық шипажайлардың бағасы шошындырды

Үкімет тұралаған туризмді қайта жандандырмақ. Тіпті министрлерден бастап депутаттарға дейін отандық шипажайларда демалып халыққа үлгі көрсетуге білек сыбанып отыр. Ал шенеуніктер болса, әр мекемеге қызметкерлеріне санаторийге тегін жолдама беруін талап етпек.

  • 17 Маусым 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz

Әсет Исекешов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі:

-Кезінде кәсіподақтың арнайы жолдамалары болатын. Сол сияқты туристік сертификаттарды қайта қалпына келтірсек деген ойымыз бар. Яғни, демалыс ақысының басым бөлігін жұмыс беруші өтейді де, ал қызметкерлер небары 20-30 пайызын төлейді. Сонда жұмысшыларды сауықтыру шаралары жақсарады, ең бастысы ішкі туризм дамиды.

Бүгін депутаттар «қайда демаламыз» деген тақырыпты қызу талқыға салды. Өйткені бірнеше күннен соң Мәжіліс кезекті каникулға кетеді. Сондықтан  халық қалаулыларын да бұл сұрақ қатты мазалайтын сияқты. Әншейінде табиғаты көркем деп мақтанатын Қазақстанға шетелдік туристердің келуін айтпағанда, отандық шипажайларды жергілікті тұрғындар менсінбейді.  Себебі демалыс орындарының бағасы Түркиядан 3-4 есе қымбат , әрі қызмет көрсету сапасы төмен. Оның үстіне елдегі шипажайларға жету оңай шаруа емес. Инфрақұрылым нашар. Осы кезде азаматтар бөгде мемлекетті байытып, жыл сайын шетелде демалып қайту үшін 400 миллион доллар жұмсауда. Отандық демалыс орындарының бағасы депутаттарды да шошындырып отыр.


Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс депутаты:

-Бурабайға барып келгендердің демалуына 2 күнге 70 мың теңге қаржы кетіп отыр. Сонда олар 1 түнге 1 бөлмені алып отыр. Одан көп уақытқа алуға қалта көтермейді деген сөз.