Қарағанды облысын италиялық шегіртке жайпап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысын италиялық шегіртке жайпап жатыр

Қарағанды облысын италиялық шегіртке жайпап жатыр

Қарағанды облысындағы Жәйрем кентін қара шегіртке жайлап алды. Күн күрт жылынып кеткеннен кейін жұмыртқалаған жәндіктер қара нөпірмен елді-мекенге кіріп, жасыл желекті жаппай отап жатыр.

  • 17 Маусым 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz

Бұл – «италиялық прус» деп аталатын ең қауіпті шегіртке. Тамақ талғамайтын жәндіктер қазір маңайдағы саяжайларды тауысып, Жәйремнің астан-кестеңін шығарып жатыр. Тіпті үйлерге дейін кіріп кеткен. Мамандар маусымның 1-нен бастап шегірткені әуеден улай бастаған. Бірақ олар оны ауылға бір шақырым жетпей шашқандықтан, шегіркенің сол санитарлық аумақта қалып қойған жұмыртқалары өніп шығып, қайта бас көтеріпті. Қазір жәндіктерді Жәйрем қаласының өз ішінде де улай бастады.


Мақсұт Қабиев, Қарағанды облыстық аумақтық басқармасының бөлім басшысы:

-Дәл ауылдың ішіне кеп жұмыртқа салады деп болжанбаған. Қазір химиялық -өңдеужасалып жатыр. 20 гектар көше, 40 саяжай өңделді. Енді бір екі күнде бір қалыпқа келтіріп, бітіреміз.