Арнайы жасақпен жеткізілген төрт адамның жас шамалары 25-30-дарда. Ең үлкені бұрын адам өлтіріп жазасын өтесе, біреуі қарақшылық үшін түрмеде отырып шығыпты. Қалған екеуі бұрын сотталмаған. Жәбірленушілерді сойылмен сабағандардың беттері тұмшаланғандықтан, куәгерлер күдіктілерді тап басып көрсетіп бере алмады. Ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген клуб басшыларының бірі операциядан кейін әрең есін жиғанын айта кетейік. Не үшін таяқ жегендерін олардың өздері де білмейді.
Сұлтан Құсетов, Павлодар облыстық ІІД бастығы:
-Бұзақылардың төртеуі де – осы қаланың тұрғындары. Барлығын бір адам ұйымдастырып, үшеуі қылмысқа бірге барған. Қылмысқа түрткі болған себептер анықталып жатыр.