Су негізінде бүгін-ертең көтеріледі деп күтілген. Мамандардың болжамы бойынша, теңіз деңгейі 127 см-ден асуы мүмкін. Ол кезде су маңайды түгел шаяды. Алайда әзірге теңіз небәрі 100 см. көтеріліп тұр. Ал Төтенше жағдайлар қызметіндегілердің айтуынша, бұл қалыпты көрсеткіш. Сондықтан әзірге теңізден төнер қауіп жоқ деп сендіруде. Десе де сақтық шаралары жүргізіліп жатыр. Тіпті егер қатар төне қалса да, жағаға жақын ауылдарда 472 техника мен 4 мыңға жуық адам күші жұмылдырылып, дайын тұр. Сондай-ақ, теңізден 3 шақырым қашықтықта орналасқан бөгеттер бекітілуде. Ең бастысы, тұрғындарға қажетті құжаттары мен заттарын дайындап отыру жөнінде кеңес берілді.