Ақтөбеде үйлену тойында Lexus өзенге түсіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде үйлену тойында Lexus өзенге түсіп кетті

Ақтөбеде үйлену тойында Lexus өзенге түсіп кетті

Ақтөбеде үйлену тойында безендірілген Lexus ES машинасының мас жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, Сазды өзеніне түсіп кетті, деп хабарлайды «Мой город» сайты. Жапондық автомашинаның салонында күйеу мен қалыңдық та  болған.

  • 17 Маусым 2014
  • 395
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға сенбі күні кешкі сағат 21:00-де орын алған. «Автомобильдің жүргізушісі мен төрт жолаушысы зардап шеккен жоқ. Олар машинадан  өз бетімен шықты, ал автомобильді с судан құтқару қызметі шығарып алды», деп әңгімеледі құтқарушы сарапшы Оксана Кичигина. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасына мас жүргізушінің өте жоғары жылдамдықпен келе жатып, көлікті басқара алмай қалуы себеп болған.

«Куәгерлердің айтуынша, машина сағатына 180 шақырымдық жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Жүргізушіні оқиға орынан құқық қорғау органдарының өкілдері мән-жайды анықтау үшін алып кетті», деп  хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД судан құтқару қызметінен.