Оқиға таңғы сағат 04:10 шамасында орын алған. Бетін тұмшалаған үш белгісіз азамат қала шетіндегі «Эталлон Авто» жанар-жағар май стансасына баса-көктеп кіріп, күзетшіні соққыға жығып, травматикалык қарудан оқ атқан және кассадагы 1 миллион теңге ақшаны қолды қылып кетті.
Абырай болғанда, оқ күзетшінің белінің оң жақ тұсына тиген, медициналық көмекті қажет етпеді. Қазіргі кезде, ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер іздестірілуде.