Қазақстанда мектеп бітірушілер санының азаюына демографиялық фактор ықпал етіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мектеп бітірушілер санының азаюына демографиялық фактор ықпал етіп отыр

Қазақстанда мектеп бітірушілер санының азаюына демографиялық фактор ықпал етіп отыр

Қазақстанда мектеп бітірушілер санының азаюына ең алдымен елде өткен жүз жылдықтың 90-шы жылдары қалыптасқан демографиялық жағдай ықпал етіп отыр,

  • 17 Маусым 2014
  • 1110
Фото - Caravan.kz

деді білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

"2014 жылы мектепті 133 мың оқушы бітірсе, 2013 жылы ол көрсеткіш 139 мыңды құрады, мектеп бітірушілер саны 6 мыңға азайды. Статистика жөніндегі агенттіктің деректеріне қарағанда, бұл үдеріс тағы 3-5 жылға созылмақ. Бұл 90-шы жылдардың жаңғырығы, онда халықтың саны төмендеп кеткен, демек бала да аз туылған. Сол себепті мектеп бітірушілер де аз", деді ол Алматыда дүйсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

2019-2020 жылдары мектеп бітірушілер саны артады, бұл 2000 жылы басталған демографиялық өсімге байланысты болмақ, деді ол.


"Бұл әсіресе жоғары оқу орындары мен колледждер үшін маңызды ақпарат, өйткені олар демографиялық құлдырауды сезінетін болады, оқуға түсетіндер саны азаяды", деді ол.