Қазақстан СІМ жетекшісі және АҚШ президентінің көмекшісі Украинадағы жағдай бойынша пікір алмасты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан СІМ жетекшісі және АҚШ президентінің көмекшісі Украинадағы жағдай бойынша пікір алмасты

Қазақстан СІМ жетекшісі және АҚШ президентінің көмекшісі Украинадағы жағдай бойынша пікір алмасты

Қазақстан СІМ жетекшісі Ерлан Ыдырысов және АҚШ президентінің көмекшісі – Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бойынша аға директоры Селеста Уолландер екі елдің саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастығының жағдайы мен келешегін талқылады.

  • 17 Маусым 2014
  • 580
Фото - Caravan.kz

Кездесу кеше Астанада өтті, деп хабарлады сейсенбіде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметінен.

Б.Обама көмекшісі сондай-ақ Қазақстан президентінің шетелдік инвестор кеңесінің 27-ші пленарлы отырысында жария еткен инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шараларына қызығушылық білдірді.

"С.Уолландер атап өткендей, Б.Обама әкімшілігі АҚШ іскерлік топтарымен оларды Қазақстанмен жұмыс істеуге бағыттау және ЭКСПО-2017 сияқты жобаларға тарту жөнінде тығыз ынтымақтасатын болады деп сендірді", делінген хабарламада.

Олар сондай-ақ халықаралық саясат пен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, оның ішінде Украинадағы жағдай, Ауғанстаннан коалиция әскерлерін әкету мәселесі бар", делінген онда.