2015 жылдан бастап еліміздегі 50 шақты мектепте 12 жылдық білім беру жүйесі апробациядан өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылдан бастап еліміздегі 50 шақты мектепте 12 жылдық білім беру жүйесі апробациядан өтеді

2015 жылдан бастап еліміздегі 50 шақты мектепте 12 жылдық білім беру жүйесі апробациядан өтеді

2015 жылдан бастап еліміәздегі 50 шақты мектепте 12 жылдық білім беру жүйесі апробациядан өтеді.

  • 17 Маусым 2014
  • 2216
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Білім беру саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада жаңа жүйеге 2015 жылдан бастап көшу қажеттігі айтылған. Осыған орай біз сынақты бастаймыз. Бұл сынақ емес, апробация, жүйені енгізу басталды деген сөз», — деді А.Сәрінжіпов дүйсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, апробация оқулықтар мен оқу бағдарламасының сапалы болуы үшін қажет. «Бір жыл апробациядан өткізгеннен кейін сол тәжірибе бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға өзгерістер енгіземіз. Содан кейін барлық мектептерге жаппай 12 жылдық жүйені енгізе бастаймыз», — деп атап өтті министр.