Астанада түнде көше кезіп жүрген балаларды полиция ұстап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада түнде көше кезіп жүрген балаларды полиция ұстап жатыр

Астанада түнде көше кезіп жүрген балаларды полиция ұстап жатыр

Астанада түнгі 11-ден кейін көше кезіп, қараусыз жүрген балаларды полиция жаппай ұстай бастады. Бір қызығы, көшеде қаңғып жүрген ұл-қыздың дені ауқатты отбасылардан шыққан. Тәртіп сақшыларының қолына түсеміз деп ойламаса керек, жасөспірімдер қатты сасып тіпті жылап жібере жаздады.

  • 18 Маусым 2014
  • 240
Фото - Caravan.kz


-Аға, сағат енді 11 болды. Қайтып бара жатырмыз. Міне, 11 болды. Біз 6-да шыққанбыз.

— 11-ден қанша кетіп жатыр?

— 3 кетіп жатыр ғой енді ғана

-Қайда тұрасыңдар?

-Міне, таксиге мініп, кетейін деп жатырмыз.

Тәртіп сақшылары түнжарымда жүргенді ұнататын балаларды көлікке мінгізіп, бөлімшеге алып кетті. Сөйтіп ата-анасы келгенше хаттама толтырды. Жазғы каникулда үйде қамалып отырғанды жаны сүйметін тек ұлдар емес екен. Полицейлердің қолына мектепте оқитын қыздар да түсті. Олардың кейбірі тіпті серуенді бұздыңдар деп тәртіп сақшыларын балағаттай жөнелді. Екі күннен бері өтіп жатқан рейд кезінде түнгі қаланы кезіп жүрген 100 бала ұсталған. Енді бұл балалардың ата-аналары да жазасыз қалмайды. Ұл-қызын қараусыз жібергендері үшін айыппұл төлейді. Ал бұдан да нәтиже шықпай, жеткіншек көше кезуді доғармаса, ата-аналық құқығынан айырылмақ.