Жамбыл облысында баласын емдетуге апарған келіншектің өзі ауруханаға жатып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында баласын емдетуге апарған келіншектің өзі ауруханаға жатып қалды

Жамбыл облысында баласын емдетуге апарған келіншектің өзі ауруханаға жатып қалды

Жамбыл облысының Сарысу ауданында баласын емдетуге барған жас ананың өзі ауруханаға жатып қалды. Қымбат Бексұлтанованың айтуынша, оны емдеу мекемесінің алдында шаруашылық қызметкері жеке көлігімен қағып кеткен. Омыртқасы едәуір зақымданған 23 жастағы келіншек бір айдан бері қозғалыссыз, төсек тартып жатыр. Енді жәбірленуші тарап кешірім сұрауға да жарымаған кісі жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді.

  • 18 Маусым 2014
  • 241
Фото - Caravan.kz

-Сәбиі сырқаттанып ауруханаға түскен Қымбат Бексұлтанованы дәл осы жерде шаруашылық қызметкері жеке көлігімен қағып кеткен. Машинаның астында қалған келіншекті ол емдеу мекемеге кіргізе сала алды-артына қарамай тайып тұрыпты. Баласына ем іздеп барған жас ананың өзі содан бері ауруханада жатыр.

Қымбат Бексұлтанова, жапа шегуші:

-Ол телефонмен сөйлесіп тұрды. Айғайлап. Артқа бергенін көрдім, мен былай жүрдім. Енді жолға шыға бергенде былай берді да, астында жатырмын машинаның.

Келіншектің омыртқасы мен басы қатты зақымданған. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын әрі емізулі баласы бар Қымбаттың жанында енді анасы жүр.

Қаршыға Дәрібаева, Қ.Бексұлтанованың анасы:

-Әлкенов Бақыт деген адам қақтым деп жүрген жоқ. Іздеуі сұрауы жоқ адам құсап балам қазір ауруханада жатыр. Екі айлық баласы бар, жаңа туған. Полиция шақырмаған қаққан кезінде. Тараз қаласында тұрамын, сонда тұрып Сарысуды қостырып, 102-ге қоңырау шалып, анасы мен шақырттым, сол дұрыс па?

Ақ халаттылардан науқастың жай-күйін білу мүмкін болмады. Өйткені олар жауаптан жалтарып шықты.


-Камераны сындырасыз

— Неге ұстап жатсыз камераны?

 – Ол менің құқымды бұзып жатыр, менің түскім келмейді камераға.

Жәбірленуші тарап кінәлі кісіні іздеп таба алмай жүр. Бар айыбын мойындап, жәрдем беруге уәдені үйіп-төккен Бақыт Әлкенев ұшты-күйлі жоқ. Жұмыс орнында да болмай шықты. Қарқынды құрылыс жүріп, астаң-кестеңі шығып жатқан ауылдағы емдеу мекемесінің басшылығы да қызметкерін жасырып әлек.

-Ол кісі жұмыста ма, болуы тиіс пе? Жоқ. Қашаннан бері ауырып жатыр? Кешелі бері.

Тергеушілердің айтуынша, күдікті өзіне тағылған айыпты жоққа шығаруда. Мұны естіген жәбірленуші тарап жазықты жазадан құтылып кетеме ме деп алаңдайды.