«Эйр Қазақстан» әуе компаниясы 8 айдан соң жолаушы таси бастамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Эйр Қазақстан»  әуе компаниясы 8 айдан соң жолаушы таси бастамақ

«Эйр Қазақстан» әуе компаниясы 8 айдан соң жолаушы таси бастамақ

«Эйр Қазақстан» әуе компаниясы өз жұмысын 2015 жылдың күзінде бастайтын болды. Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Әзірге тек ішкі тасымалмен ғана айналысатын компания отандық емес, шетелдік инвестордың басқаруына беріледі.

  • 18 Маусым 2014
  • 297
Фото - Caravan.kz


«Эйр Қазақстан»-ның 51 пайыз акциясына канадалық «Бомбардьер» компаниясы қожалық етпек. Әлемге әйгілі бұл мекеме келер жылдың басынан елімізге КЮ-400 деп аталатын 10 ұшағын жеткізбек. Көлік және коммуникация министрлігі егер «Бомбардьер» нарыққа енсе, ішкі рейстердің құны біршама арзандайды деп сенеді. Оның үстіне нағыз монополиске айналған «Эйр-Астанаға» бәсекелес компания болмақ. Айта кетейік, «Эйр Қазақстан» компаниясы елімізде осыдан 15 жыл бұрын болған. Алайда 2004-ші жылы банкрот болып, соның базасында «Эйр Астана» әуе компаниясы құрылған еді. Енді сол «Эйр Қазақстанның» жұмысы қайта жанданбақ.