Бұған дейін Серік Ахметов премьер-министр ретінде талай мәрте президенттің қабылдаудында болған. Ал бүгін Қорғаныс министрі ретінде Ақордаға алғаш рет келіп отыр. Елбасы алдында есеп беруден тәжірбиесі бар министр тосылып қалған жоқ. Алайда Қарулы Күштердің жоғарғы бас Қолбасшысы Ахметовтің шешуі тиіс негізгі міндеттерді атап берді.
Нұрсұлтан Назарбаев,Қазақстан Республикасының Президенті:
-Әскери жаттығу, әкерлерді үйрету, ол Бас Штабтың мәселесі. Генералдардың. Министрдің мәселесі Қорғаныс жүйесі дамыту, керекті қару-жарақпен қамтамасыз ету. Дайындығын тексеру. Қорғаныс доктринасының қалай болатыны, қалай іске асатыны оны шешу министрдің шаруасы.