Көкшетауда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

Көкшетауда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

Мұздай қаруланған топ нысанға таң алдында баса көктеп кірген. Бұл уақытта ішінде жалаңқол күзетші мен оператордан басқа ешкім болмапты.

  • 18 Маусым 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz


Бетперде киген 3 адам бекеттің есігін бұзып кірген. Сол жерде өзінше қарсылық білдірмек болған күзетшіні травматикалық тапаншамен атып жаралаған. Оператор келіншек бұл кезде жасырынып үлгерген екен. Ал қаскөйлер бір аптадан кассада бері жиналып қалған 1 жарым миллион теңгені қолды қылып, іздерін суытқан. Бетперде кигендері болмаса бұл үшеуінің қылмысы бақылау камерасына бастан аяқ түсіп қалыпты. Қазір қарақшыларды құрықтау шарасына полицияның бірнеше құрамы жұмылдырылған.