Ерейментау ауданына жаңа әкім тағайындалды - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерейментау ауданына жаңа әкім тағайындалды - Ақмола облысы

Ерейментау ауданына жаңа әкім тағайындалды - Ақмола облысы

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының шешімі негізінде Ермек Бекенұлы Нұғыманов Ерейментау ауданының әкімі болып тағайындалды.

  • 18 Маусым 2014
  • 540
Фото - Caravan.kz

Аудан активіне жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі Сергей Кулагин өңірде бірінші кезекте шешілуге тиісті міндеттерге тоқталып, Ерейментау  ауданының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жөнінде алда тұрған жұмыс ауқымын ерекше атап көрсетті. Сонымен бірге, ол  аудан активіне жаңа әкімді қолдап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Ермек Бекенұлы Нұғыманов  бірнеше жыл бойы облыстың әр ауданында әкім болып қызмет істеген тәжірибесі бар. Соңғы жұмыс орны Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.