деп жазады 24.kz.
Естеріңізге сала кетейік, мамандар маусым айының 15-16-сы күндері теңіз суының деңгейі күрт көтеріліп, жағалаудағы 5 шақырым аумақты су басады деген болжам жасаған болатын. Дегенмен, бұл күдік расталмады.
Су деңгейі өткен тәуліктерде 111 см-ге дейін ғана көтерілгенімен, бүгін 90 см-ге қайта төмендеді. Сондықтан теңіз жағалауындағы елді мекендерге шоғырландырылған қосымша техникалар мен құтқарушы мамандар тобы таратылып, күнделікті жұмыс тәртібі енгізілді.
Марат Құрманов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары: — Теңіз жағалауындағы су деңгейі 92 см-ді құрап отыр. Ауа райының құбылысын бақылаушы мамандардың болжамдары расталмады. Сондықтан тұрғындарға еш қауіп жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті мен азаматтық қорғаныс күштері күнделікті жұмыс тәртібіне көшірілді. Күшейтілген жүйе де бүгін тоқтатылды.