«2014 жылдың 1 тамызынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Федералды жолаушылар компаниясы» ААҚ-мен бірлесіп, халықаралық бағыттағы пойыздарға жол жүру билеттерін алдын ала сатып алған жағдайда жеңілдіктер жасай алады, нақтырақ айтсақ:
СВ категориясындағы және купе вагондарына пойыз жүргенге дейінгі 45-тен 31 тәулікке дейінгі кезеңде — 30 пайыз; пойыз жүргенге дейінгі 30-дан 16 тәулікке дейін — 15 пайыз жеңілдік жасалмақ.
Плацкарт вагондарына пойыз жүргенге дейін 45-тен 31 тәулікке дейінгі кезеңде — 20 пайыз; пойыз жүргенге дейін 30-дан 16 тәулікке дейін — 10 пайыз жеңілдік жасалады.
Мысалы, 1 тамызда жолға шығатын пойызға жеңілдік алу үшін:
Ағымдағы жылдың 18 маусымынан 1 шілдеге дейінгі кезеңде30 пайыз жеңілдікпен;
Ағымдағы жылдың 2 шілдесінен 15 шілдесіне дейінгі кезеңде 15 пайыздық жеңілдікпен билет ала алады», — деп жазылған хабарламада.
Жеңілдіктері бар билеттерді интернет арқылы www.epay.railways.kz сайтынан, транзакциялық терминалдар, сонымен бірге, жол жүру құжаттарын сату бойынша кассалардан алуға болады.