Көкшетауда жанар-жағар май станциясына қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда жанар-жағар май станциясына қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

Көкшетауда жанар-жағар май станциясына қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

Көкшетауда жанар-жағар май станциясына қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды,

  • 18 Маусым 2014
  • 548
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады сәрсенбіде облыстық полицияның баспасөз қызметінен.

Ақпаратқа қарағанда, 20 жастағы жігіттер қылмыс жасаған күні "ізін суытпастан ұсталған", олардың екеуі Солтүстік Қазақстан облысының, біреуі Ақмола облысы Зеренді ауданының тұрғындары.

"Күдіктілерден 800 мың теңге, қолғап, маска табылған", деді полициядан.

Алдында хабарланғандай, өткен дүйсенбіде таңғы төрт шамасында Көкшетауда "Эталон Авто" жанар-жағар май станциясына қарақшылық жасалған. Маска киген үшеу күзетшіні қарудан оқ атып жарақаттап, 1,3 млн теңге алып кеткен. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.