деп хабарлады экономикалық және сыбайлас қылмысқа күрес жөніндегі облыстық департаменттің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің сәрсенбі күні таратылған ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстанның екі тұрғыны мен Өзбекстан азаматынан құралған топ биылғы жылғы 10 -маусымда жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталған.
" Аталған тұлғалар Маңғыстау облысы аумағында республиканың Ұлттық банкінің 10 мың теңгелік жалған банкноттарын сақтаумен және өткізумен айналысқан.Барлығы жалпы құны 700 мыңнан астам теңге болатын жалған банкноттар тәркіленді», делінген хабарламада.
Аталған фактіге сәйкес, 206 бап бойынша (жалған ақша мен құнды қағаздарды дайындау мен өткізу) қылмыстық іс қозғалды. Топ мүшелері сот санкциясымен қамауға алынды.