Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Футбол сүйер қауымды баурап алған  әлем чемпионатының кезекті жарыс күні Бельгия  2:1 есебімен Алжирден басым түсті. Осы топтағы екінші бәсекеде Ресей  мен Оңтүстік Корея өзара ұпай бөлісіп тарасты. Мұндағы есеп 1:1.

  • 19 Маусым 2014
  • 304
Фото - Caravan.kz

Мундиальдың екінші турындағы  алғашқы ойында алаң иелері Бразилия мен Мексика құрамасы  кездесті.  Форталезе қаласындағы «Кастелао» стадионына лық толған көрермен бір сәтке тыншымады.  Бұл түсінікті де.  Жергілікті жанкүйерлердің жайы белгілі десек, қызу қанды мексикалықтар да олардан қалыса қойған жоқ. Алма-кезек шабуылға ұласқан шиеленісті  бәсекеде қос команданың да есеп ашатын мүмкіндіктері  болды.   Бірақ аладопты торға тоғыту  екі жақтың да  қолынан келе қоймады. Ойын барысында  небір қауіптің бетін қайтарған мексикалық қақпашы  Гильермо Очао матчтың үздік ойыншысы деп танылды.  Не керек тартысты өткен бәсеке 0:0 есебімен аяқталды. Екі турдан кейін төрт ұпайдан жинаған Бразилия мен Мексика  әзірге өз тобында көш бастап тұр. Осы топтағы  Камерун мен Хорватия арасындағы бәсеке бүгін өтеді.

Жарақаттың салдарынан талай жарыстан шет қалған  Виктория Азаренко, араға үш ай салып кортқа қайта оралды. Бірақ ұзаққа созылған үзілістен кейінгі бәсеке әлемнің сегізінші ракетасы үшін   сәтсіз аяқталды. 

Жүлде қоры 710 мың долларды құраған Истборндағы турнирдің бірінші айналымында  Азаренкоға  италиялық Камиле Джорджи қарсы тұрды. 2 сағат 47 минутқа жалғасқан үш сеттегі бәсеке 22 жасар италиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Есеп 6:4,3:6 және 5:7.  Сербиялық  тәжірибелі теннисші Елена Янкович те алысқа бара алмады. Осы турнирге үшінші нөмірмен терілген Янкович 3:6, 3:6 есебімен америкалық Мэдисон Кизден жеңіліс тапты.