Отандық компаниялардың тендерге қатысуы жеңілдемек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық компаниялардың тендерге қатысуы жеңілдемек

Отандық компаниялардың тендерге қатысуы жеңілдемек

«Самұрық Қазына» мен  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесті бірлесіп қолдамақ. Осыған орай бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

  • 19 Маусым 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz

Енді заңды келісім-шартқа сәйкес қос тарап алдымен мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық үлесті арттырады. Өйткені, бұл ең алдымен отандық өндірушілерді қолдаудың бірден-бір жолы. Осыған орай, «Самұрық-Қазына» қоры тиісті бағдарлама әзірлеуге кіріседі. Сондықтан Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі. Бүгінде ұлттық қор  мемлекеттік сатып алуларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жатыр.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы:

-Сатып алулар саласында біз қазақстандық үлесті белсенді түрде арттырамыз. 2010 жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз болса, қазір — 70%.  Бұдан өзге бірнеше бағыт бар. Мысалы, инвестициялық саясат. Ертең Балқаш жылу электр орталығы бойынша құрылыс жөнінде құжатқа түпкілікті қол қойылады. Құрылыстың 75 пайызы корей компаниясының иелігінде болады.