Жалған ақша жарға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалған ақша жарға жықты

Жалған ақша жарға жықты

Жаңаөзенде осындай қолдан жасалған банкнотты өткізумен айналысқан топ құрықталды. Олардан бір бума он мың теңгелік тәркіленді.

  • 19 Маусым 2014
  • 315
Фото - Caravan.kz


Күдіктілер алдымен жалған ақшамен Жаңаөзеннің кішігірім дүкендерінде сауда жасаған. Азық-түлік алып тұрған жерінде сатушы «көк қағаздың» жалған екенін аңғарып, қаржы полициясына хабар беріпті. Ұсталғандардың арасында өзбекстандық бір әйел бар. Олардың үйін құдды бір жалған ақшаның қоймасы ма дерсің. Тіпті төсектің арасына сондай 700 мың теңге жасырып қойыпты. Ал заңсыз банкноттар Жамбыл облысында басып шығарылған. Ондағы астыртын цех былтыр әшкереленгенімен, біраз қаржы елге тарап үлгергенге ұқсайды.