Ақтөбеде соқталдай жігіт көптің көзінше кондуктор келіншекті тепкілеп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде соқталдай жігіт көптің көзінше кондуктор келіншекті тепкілеп тастады

Ақтөбеде соқталдай жігіт көптің көзінше кондуктор келіншекті тепкілеп тастады

Тиын-тебен үшін оңбай таяқ жеді. Ақтөбеде автобус жолаушыларының бірі кондуктор келіншекті тепкінің астына алды. Әйелдің бар жазығы – жолақыны талап еткенінде екен.        

  • 19 Маусым 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz


– Е, неге сұрайсың а?

– Мынауың не?

 Не істеп жатырсың?

Шық,  сыртқа

– Шықпаймын

Төпелеп жұдырықтай жөнелген жігіт тіпті әйелді сыртқа қарай сүйремек те болды. Қорғансыз келіншек орындыққа тығылғаннан басқа түк істей алмады. Автобуста отырғандардың бұзақыға қой деуге де шамасы келмеген сияқты. Белгілі болғандай, көпшіліктің көзінше кондукторды сабаған тентек бұрын өзі де осы №25-ші қоғамдық көлікте жолақы жинаушы боп істеген екен. Тегін жүріп үйренсе керек, келіншек жолақысын талап еткенде бірден жұдырығын ала жүгірген. Тәртіп сақшыларының қолына түскен 28 жастағы жігіт әйелге қол көтергені үшін енді 2 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.