Шымкентте қауын-қарбыз сататын саудагерлер әкімдікке басып кірмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қауын-қарбыз сататын саудагерлер әкімдікке басып кірмек болды

Шымкентте қауын-қарбыз сататын саудагерлер әкімдікке басып кірмек болды

Шымкентте қауын-қарбыз сатуға болмайды деген қаулыға келіспеген бір топ адам қалалық әкімдіктің алдына жиналды.

  • 19 Маусым 2014
  • 950
Фото - Caravan.kz


Бақша өнімдерін көшеде бей-берекет сататындар саудаға тосқауыл қойып тастаған шенеуніктерге осылайша наразылық білдірді. Жылда өнімін көшеде өткізіп үйренгендерді енді дүкен мен базарларға қуып жатыр екен.

–Сонда біз қайда барып күн көреміз.  Дүкенге бар дейді. Ондағылар маңына жолатпайды. Базарға бардық. «Исатай» базары. 200 доллар айына. Апта сайын салығың тағы бар. СЭС, сатқан қауын-қарбызыңнан бересің дейді.

Қауын-қарбызды көшеде сататындар пісіп қалған өнімдерінің тонналап түкке жарамай қалатынынан қауіптенуде. Толассыз жаңбыр мен жиі соққан желдің кесірінен биыл онсыз да бақша өнімдері жарытып шықпапты. Енді содан қалғанын тезірек сатайық десек, өнімді өткізуге шенеуніктер мұрсат бермей отыр дейді. Алайда әкімдіктің өз ойлағаны бар. Олар жыл сайын көшеде қолайсыздық жасап, қаланы базарға айналдырып бара жатқандармен осылай күресуді көздепті. Және бұл бастамадан бас тартпаймыз деп отыр.