Қылмыстық Кодекстiң жаңа жобасына «медициналық қылмыс» ұғымы енгiзiлдi - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмыстық Кодекстiң жаңа жобасына «медициналық қылмыс» ұғымы енгiзiлдi

Қылмыстық Кодекстiң жаңа жобасына «медициналық қылмыс» ұғымы енгiзiлдi

Қылмыстық Кодекстiң жаңа жобасына бұрын болмаған «Медициналық қылмыстар» бөлiмi енгiзiлдi.

  • 19 Маусым 2014
  • 576
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдiров мәлiм еттi.

«Қылмыстық Кодекске жаңа бөлiм енгiзiлдi. Ол «Медициналық қылмыстар» деп аталады. Оның негiзгi жаңалығы — фармацевтика саласындағы алаяқтық әрекеттер заңмен жазаланатын болады», — дедi Н.Әбдiров.

Айта кетейiк, Қылмыстық Кодекстiң жаңа жобасы Парламентте талқылануда.

Қолданыстағы Қылмыстық Кодекс 1998 жылдың 1 қаңтарында күшiне енген болатын. Н.Әбдiровтiң айтуынша, содан берi оған 50-ден астам өзгертулер енгiзiлген.


«Оны заман талабына сай ету үшiн осы жылдар аралығында талай жұмыстар жасалды. Уақыттың сынынан сәттi өткен сол өзгертулер Кодекстiң жаңа жобасында қалдырылды», — дейдi ол.