Қазақстанға бағытталған оңтүстіккореялық тікелей инвестиция 5 млрд. долларға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға бағытталған оңтүстіккореялық тікелей инвестиция 5 млрд. долларға жетті

Қазақстанға бағытталған оңтүстіккореялық тікелей инвестиция 5 млрд. долларға жетті

Соңғы 20 жылда Қазақстанға  бағытталған оңтүстіккореялық тікелей инвестиция 5 млрд. долларға жетті.

  • 20 Маусым 2014
  • 530
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанадағы Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бізде кореялық капиталдың қатысуымен 800-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде жалпы сомасы 22 млрд. АҚШ доллары көлемінде бірлескен 15 жоба жүзеге асыру кезеңінде. Қарастыру үдерісінде тағы 8 жоба қамтылған»,-деді ҚР Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық машина құрылысы, азық-түлік, химия өнеркәсібі, энергетика және металлургия  салаларында орнағанын атап өтті.