Қарағанды әуежайында Анталияға ұшатын рейс 10 сағатқа кешіктірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды әуежайында Анталияға ұшатын рейс 10 сағатқа кешіктірілді

Қарағанды әуежайында Анталияға ұшатын рейс 10 сағатқа кешіктірілді

Қарағанды әуежайында 200-ден астам адам Анталияға ұшуды күтіп отыр. Өз кезегінде, Түркияда демалыстан келе жатқан туристер де бөгеліп қалған.

  • 20 Маусым 2014
  • 430
Фото - Caravan.kz


«SCAT» әуе компаниясының түсіндіруінше, Анталиядан рейстің кешігуі техникалық себептерге байланысты орын алған.

«Гидросұйықтық аққаннан кейін, ұшақтың техникалық жағдайын тексеруге тура келген», — деп хабарлады компаниядан.

Әуежай сайтында Анталиядан кесте бойынша сағат 04:40-де ұшатын борт сағат 19:20-да келеді деп көрсетілген.

Ұшу компаниясының деректеріне сүйенсек, Анталияға рейс тізіміне 233 жолаушы тіркелген. Түркиядан ұшып келетіндер саны да осы шамалас.