2015 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 28 пайызға артады - ҚР ДСМ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 28 пайызға артады - ҚР ДСМ

2015 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 28 пайызға артады - ҚР ДСМ

2015 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 28 пайызға артады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

  • 20 Маусым 2014
  • 783
Фото - Caravan.kz

«Еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізілгеннен кейін, 2015 жылдан бастап жалақыны 28 пайызға арттыру жоспарланып отыр»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде көрсетілген медициналық қызмет үшін төлем емдеу сапасының нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

«Бұл өз кезегінде ресурстарды тиімді пайдалануды ынталандырады және дәрігер емделушіден ақша алмас үшін, дифференцияланған еңбекақы төлеуді енгізуге мүмкіндік береді. Дәрігерде бәсекеге қабілетті жалақы болуы тиіс екенін біз баршамыз түсініп отырмыз»,-деді ол.

С. Қайырбекованың мәліметіне қарағанда, еліміз бойынша дәрігерлердің орташа жалақысы 114 мың теңге. Орташа деңгейдегі медициналық қызметкерлердің айлығы 80 мың теңгеден асады.