Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

“Қызыл Фурия” қош бол! Футболдан 2010-шы жылғы әлем чемпионы сондай-ақ 2012-ші жылғы Еуропа чемпиондары  Испания құрамасы Бразилиядағы Мундиальда топтан шыға алған жоқ. Бірінші айналымда Голландия құрамасына ойсырай жеңілгін Висенте Дель Боске шәкірттері бұл жолы Чилиге 2:0 есебімен жол берді.

  • 20 Маусым 2014
  • 277
Фото - Caravan.kz


 

Шайбалы хоккейден астананың “Барысына” жаңа бапкер тағайындалды. Жақында қызметінен бостылған Фин маманы Ари Пекка Селинның орнына ресейлік Андрей Назаров келді.

Келісім шарт бір жылға жоспарланған. 40 жастағы бапкер Украинаның “Донбасс” клубын жаттықтырған болатын. Ол өз командасымен Гагарин кубогының батыс конференциясында жартылай финалға дейін жеткен. Бүгінде украиналық клуб елдегі қиын жағдайға байланысты алдағы маусымда Құрлықтық Хоккей Лигасына қатыспайтын болды. Ал “Донбасс Аренасын” белгісіз біреулер өртеп кеткен болатын. Жаңа бапкер Андрей Назаров болашақта Қазақстандық хоккейшілерге баса назар аударып, команданың ойынына тың дүниелер енгізетінін жеткізді.