Петропавлда жалақысын талап еткен құрылысшылар ереуілге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жалақысын талап еткен құрылысшылар ереуілге шықты

Петропавлда жалақысын талап еткен құрылысшылар ереуілге шықты

Петропавлда құрылысшылар наразылық білдірді. Президент зияткерлік мектебін әрлеуге атсалысқан 20 адам ақыларына қол жеткізе алмай жүр. Мердігер жұмысшыларын күнде ертеңмен алдайды екен. Шыдамы шегіне жеткен олар бүгін бастықтарының алдына баса-көктеп кірді. Айта кетсек, бұл мектепті пайдалануға беру мерзімі түрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылып келеді. Алғашында батпақ жерде салынған ғимараттың іргетасы қимайып, құрылысы бір жылға тоқтаған болатын.

  • 20 Маусым 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

Екі айдан бері жалақысын талап етіп жүрген мына құрылысшыларды жергілікті фирма Назарбаев зияткерлік мектебінің әрлеу жұмыстарына жалдаған екен. Мекеменің жұмысшылары алдындағы қарызы бір жарым млн теңгеден асқан.

Галина Коваль, жұмысшы:

-Бәріміздің бала шағамыз бар, несие төлеп отырмыз.  Онсыз да мардымсыз ақшасызды жырымдап бітірді. Қалғанын мүлде бермей жүр. Алдауынан шаршадық.

Бірақ мердігер қарызды қайтаруға асығар емес. Талай рет жұмысшыларды осылай жинап алып,  өзі келмей алдап кеткен. Осы жолы төзімі таусылған бұқара кеңсеге баса көктеп кірді. Ал ондағы прорабтың айтуынша, «Тамерлан» фирмасы қазір «Феникс деп аталады екен. Қарыздан құтылу үшін атын өзгерте беретін мекеме бас мердігерден алған ақшасын жаратып жіберген. 

Анатолий Штанин, құрылыс фирмасының инженері:

-Ол бас мердігерден алған ақшаны басқа ғимарттың сараптамасына жұмсады. Неге жұмысшылармен есеп айырыспағанын мен білмеймін. Қазір мен басқа фирмада жұмыс істеймін.

Ал басшының өзімен жолығу мүмкін болмады. Қайда жүргенінен қызметкерлері хабарсыз.Жалпы Петропавлдағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» құрылысы осыдан  3 жыл бұрын басталған болатын. 


-Бұл ғимараттың құрылысы әу бастан-ақ кедергілерден басталды. Шенділер неге екені белгісіз, «Назарбаев инттелектуалды мектебі» үшін Петропавлдың ең балшықты орнын таңдапты. Салдарынан ғимараттың алғашқы іргетасы толығымын балшықтың астында қалып, жаңасын құюға тура келген.

Салдарынан ғимаратты пайдалану мерзімі  бірнеше рет кейінге шегерілді. Ал жуырда Солтүстік Қазақстан облысына тағайындалған жаңа әкім  мектепті биылғы тамызда толығымен тапсыруды міндеттеген. Болмаса  бас мердігерді қара тізімге енгіземіз дейді. Алайда жұмыстың әзірге 75 пайызы ғана біткенін ескерсек, қызылжарлық оқушылардың биыл да зияткерлік мектептің қызығын көруі екіталай.