Шымкентте борышкерлер банк пен сот орындаушыларын алаяқ деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте борышкерлер банк пен сот орындаушыларын алаяқ деп айыптады

Шымкентте борышкерлер банк пен сот орындаушыларын алаяқ деп айыптады

Ипотекамен пәтер алып, қарызға батқан шымкенттіктер банктер мен сот орындаушыларын ауыз жаласып  жұрттың үйін тартып алып жатыр деп айыптауда. Айтуларынша, банктер тіпті жалған құжат жасап, борышкерлердің орнына қол қойып жіберетін көрінеді. Түрлі мекеменің табалдырығын тоздырып, демеу таба алмаған бір топ адам бүгін араша сұрап «Нұр Отан»-ға келді.

  • 20 Маусым 2014
  • 210
Фото - Caravan.kz

Кезінде түрлі банкке миллиондап қарызға батып, пәтер алғандар 2008 жылдан бері жұмыстан босап қалған. Нәпақадан айырылып, қарыз төлеу түгілі нан табудың өзі қиындағанда банктер қолдан құжат жасап, сырттай соттап отырды дейді олар. Яғни, борышкерлерге білдірместен пәтерін тартып алған. Сондағы қарыздары бірнеше ай ғана төленбей қалған екен. Әйтпесе, борыштан бас тарпаймыз дейді өздері. Тек, төлемді жеңілдетіп, жұрттың жағдайын түсінсе деп отыр. Банкттер мен қаржы полициясы, прокуратура мен полицейлермен айтыса-айтыса шаршағандар енді төрелікті билік партиясынан сұрады.


Әбдірасыл Қалмырзаев, борышкер:

-Мен өз басым 3 бөлмелі үйді тігіп, 15 жылға несие алдым. 15-ақ мың доллар алдым. 15 мың долларды есептесем 5 жыл бұрын төлеп қойған екенмін. Оны ескерген жоқ ешуақытта. 3-4 баланың әкесімін мен. 2-ші қызым мүгедек. Бәрі қиналып жатыр. Мысалы мына кісі үйінен айрылған. Мына кісіде 4 баласымен үйінен айрылып қалды.