Таразда жазасын өтеушілердің туыстары түрмеге басып кірмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жазасын өтеушілердің туыстары түрмеге басып кірмек болды

Таразда жазасын өтеушілердің туыстары түрмеге басып кірмек болды

Таразда жазасын өтеп жатқандардың туыстары қамаудағылардың жағдайын білу үшін түрмеге басып кірмек болды. Айтуларынша, жалпы режимдегі 158/2 колониясында тінту жүргізген әскерилер оларды ұрып-соққан. Жарақат алғандарды көзімізбен көрдік деп отыр.  

  • 20 Маусым 2014
  • 354
Фото - Caravan.kz


-Іште балалардың бәрін ұрып жатыр деді. Біреулер ауруханаға барып келді. Шыққан машиналардың артынан барып келді, аяқ қолы сынған.

Дегенмен жиналғандардың ішке кіргісі келген әрекетінен түк шықпады. Полицейлер оларды түрменің маңынан түріп шықты. Жақындарының жай-күйін біле алмай, барлығы ақыры сағаттап күнге қақталып тұрып қалды. Суыт хабарды естігендердің арасында тіпті есінен танып, дәрігер көмегіне жүгінгендері де бар. Ал түрме әкімшілігі болса тінту жұмыстарының әлі де жалғасатынын айтып, сырттағы жұртты жұбатқан болды. Бұны колониядағылар арандату үшін әдейі ұйымдастырған дейді. Бірақ, түрме басшылығының уәжіне ешкім сенбеді.