Капиталды амнистиялау аясында олигархтардың 12 миллиард доллары заңдастырылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Капиталды амнистиялау аясында олигархтардың 12 миллиард доллары заңдастырылмақ

Капиталды амнистиялау аясында олигархтардың 12 миллиард доллары заңдастырылмақ

Капиталды амнистиялау аясында олигархтардың шетелде жасырған 12 миллиард доллар қаржысы заңдастырылмақ. Үкімет осындай болжам жасап алақандарын ысқылап отыр. Тіпті дереу іске кіріскен шенеуніктер бүгін тиісті заң жобасын Сенатқа бекіттіріп алды. Енді президент қол қойған соң, 1-ші қыркүйектен 2015 жылдың соңына дейін жалғасады.

  • 20 Маусым 2014
  • 262
Фото - Caravan.kz


Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

–Келетін ақша мен мүлік оның бағасы шамамен 2,2 трлн. Немесе 12 млрд доллар деп күтілуде. Әрине, бұдан аз да жоғары да болуы мүмкін. Ол деген біздің жұмысымызға байланысты.

Үміт артылған осы миллиардтар біраз бөлігі қазір шетелдің оффшорлық аймағында құпия сақталып жатыр. Үкімет қыруар қаржының елге оралып экономикаға қызмет ететіне сенімді. Оның үстіне ақшасын әкелген кәсіпкерлерге рақымшылық қана емес, капиталдарына ешкімнің тиіспейтініне кепілдік беріліп отыр. Қыркүйек айынан басталатын науқан кезінде шетелдің шоттарында жатқан ақшадан басқа, дүние-мүлік, үй-жай сияқты құнды заттардың барлығы заңдастырылады. Жеңілдікті пайдаланған байлар салық төлеуден босатылып, жауапкершілікке де тартылмайды. Бұл бастаманы осыдан 2 ай бұрын президент көтерген-ді. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев, алпауыт мемлекеттердің өзара теке-тіресінде бизмендердің саясаттың құрбаны болып жатқанын айтқан еді. Яғни, жоқ жерден санкция түсіп барынан айрылып қалып жатыр деп мәлімдеген. Сондықтан отандық олигархтарға миллиондарын елге қайтаруға шақырғаны бар.