Қарағанды облысының әкімі ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі ауысты

Қарағанды облысының әкімі ауысты

Қарағанды облысының әкімі болып  Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

  • 20 Маусым 2014
  • 493
Фото - Caravan.kz

Ол 2013 жылдан аймақты басқарған Бауыржан Әбдішевтің  орнына келді. Жаңа басшыны аймақ активіне ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин таныстырды. Бұған дейін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, онда депутаттар Нұрмұхамбет Әбдібековтің кандидатурасын қолдаған болатын.

Нұрмұхамбет Әбдібеков 1984 жылы Мәскеу тау-кен институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдап шыққан. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінің шебері, кейін тау-кен цехының бастығы болып бастаған.

1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласты, Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімдіктерінде бірқатар басшылық қызметтерге тағайындалған. 2004-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. Осы қызметке тағайындалмастан бұрын 2010 жылдан бастап ҚР Индустрия және сауда вице-министрі, Ақтөбе қаласының әкімі болып  жұмыс істеген.

Елбасы Жарлығымен Н. Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


                                                                       ***

     «Н.Қ.Әбдібековті Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

 Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын.

   
Қазақстан Республикасының   Президенті                            Н. Назарбаев