Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Ұлттық қордан бөлініп, «Бәйтерек» қоры арқылы өткен алғашқы 100 млрд. теңге қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер арқылы нақты іске асырылуда. Бұл кезеңде біз азық-түлік өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса назар аудардық» , — деді Үкімет басшысы.
Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, жыл сайын Қазақстан шамамен 3 млрд. доллардың азық-түлік өнімдерін сырттан тасымалдап отыр.
«Яғни, біз ішкі нарықтың өзінен қарапайым болғанымен біздер үшін экономиканың маңызды секторы болатын саланы байқап отырмыз. Біз оны дамыта алар едік», — деді К.Мәсімов.
Премьер-Министр өз сөзінде республика экономикасына экономикалық қолдау көрсету үшін Мемлекет басшысы теңдессіз шара қабылдап, Ұлттық қордан 1 трлн. теңге бөлуге тапсырма бергенін атап өтті.
«Бұл қаржы бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібін қолдауға, оны дамытуға және осы салаға шетел инвестициясын тартуға бағытталатын болады», — деді К.Мәсімов.