Қарағанды облысының жаңа әкімінің алдына өңірдің экономикалық өсімін ұлғайту міндеті қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының жаңа әкімінің алдына өңірдің экономикалық өсімін ұлғайту міндеті қойылды

Қарағанды облысының жаңа әкімінің алдына өңірдің экономикалық өсімін ұлғайту міндеті қойылды

Қарағанды облысы жаңа әкімінің алдына өңірдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету міндеті қойылды, деп мәлім етті ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин.

  • 20 Маусым 2014
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Облыстың жаңа әкімі мен активі алдында Президент бірінші кезекте экономика өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту міндеттерін қойды», — деді облыс активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырған Н.Нығматулин.

Ол Нұрмұхамбет Әбдібеков бұған дейін жұмыс істеген Ақтөбе облысы экономикалық ерекшелігі мен өнеркәсіптік әлеуеті жағынан да Қарағанды өңіріне ұқсас екенін атап өтті.

«Ақтөбе облысы үдемелі индустриалдық-экономикалық даму жағынан елде көш бастап тұр. Яғни ол нақты істің адамы», — деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы.

Ол Н.Әбдібековті тәжірибелі, талап қоя білетін басшы ретінде атап өтті. «Өнеркәсіптің қыр-сырын меңгерген», — деп қосты Н.Нығматулин. Оның айтуынша, Әбдібеков ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығы жоспарын әзірлеу мен жүзеге асыруда белсенді жұмыстар атқарған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды облысының әкімі болып 53 жастағы Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды, ол осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Ол 2013 жылғы қаңтардан бастап Қарағанды әкімі лауазымын атқарған Бауыржан Әбдішевтің орнына келді. Б.Әбдішев өз еркімен жұмысынан босатылды.


Н.Әбдібеков Қостанай облысының Арқалық қаласында туған. Мәскеу тау-кен институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған, техника ғылымдарының кандидаты. Ақтөбе, Атырау облыстары әкімдіктерінің құрылымында қызмет атқарған.

«Батыс» ӘӨК» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы, ҚР ИЖТМ вице-министрі, Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарған. 2012 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.