Перзентханадан ұрланған нәресте туралы мәлімет үшін сыйақы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перзентханадан ұрланған нәресте туралы мәлімет үшін сыйақы жарияланды

Перзентханадан ұрланған нәресте туралы мәлімет үшін сыйақы жарияланды

Мәскеу түбіндегі перзентханадан нәрестені ұрлаған азаматша туралы мәлімет үшін 300 мың рубль (1,5 млн. теңге) көлемінде сыйақы тағайындалды.

  • 21 Маусым 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.

Атап айтқанда, 17 маусымда ұрланған нәрестені іздестіру шаралары жалғасуда. Бала мен оны ұрлады деген күдікті әйелдің фотороботы адамдар көп жүретін жерлерге ілінді.

Ондаған еріктілер көшелерді, бос үйлерді шолып, баланың суреті бейнеленген парақшаларды таратуда.

Бөтен нәрестені қолға ұстаған күйі аталған әйел күзет бекетінің маңынан және кезекші медбикелер жанынан байқатпай өтіп кеткен.