Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
Бұл келісім екі елдің бұдан әрі қарай стратегиялық серіктестігінің негізін қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл құжатқа 2013 жылы 11 қарашада Екатеринборда ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумының қорытындысы бойынша екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қол қойған болатын.
Құжатта екі елдің бейбітшілікті нығайтудағы тығыз өзара іс-қимылы, тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелері қамтылған. Сонымен қатар онда әскери-техникалық, әлеуметтік, сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық ескерілген.