Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Бразилияда төрт жылда бір келетін футбол мерекесі жалғасуда. Д –тобында өнер көрсететін Урувай мен Англия құрамалары өзара мықтыны анықтады. Бірінші айналымда жеңілген қос құрама аянып қалған жоқ. Десе де, негізгі құрамда алғашқы минуттан бой көрсеткен уругвайлық сұрмерген Луис Суарес өз командасына жеңіс сыйлады.

  • 21 Маусым 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz

 

“Астана” велокомандасының өкілі Франческо Гавацци көпкүндік дода “Швейцария Турының” алтыншы кезеңінде үшінші нәтиже көрсетті. 183 шақырымды құраған бұл кезеңде “Омега Фарм-Куйк Степ” командасының өкілі италиялық Маттео Трентин мәре сызығын бірінші кесті.

Ол мәре алдындағы спринттік бәсекеде өзінің отандасы Даниэлье Беннаттидің алдын орап кетті. Жалпы командалық есепте отандық команданың жағдайы мәз емес. “Астана” сапындағы ең жоғары нәтиже Энрио Гаспароттоға тиесілі. Ол 34-ші орында. Ал жалпы есептің лидері германиялық Тони Мартин.