Астана күнінде атақты өнер майталмандары тегін концерт бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күнінде атақты өнер майталмандары тегін концерт бермек

Астана күнінде атақты өнер майталмандары тегін концерт бермек

Елордаға сыйлық. «Дегдар» қайырымдылық қоры мен «Джей Ти ай» компаниясы Астананың туған күніне тамаша тарту жасамақ. Осымен 3-ші рет өткелі отырған «Астана кештері» өнер фестиваліне Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан мен Италияның атақты орындаушылары келмек. Танымал өнер майталмандары елорда мен қала қонақтарының алдында 5 бірдей тегін концерт береді.

  • 21 Маусым 2014
  • 351
Фото - Caravan.kz

Гала концерт шымылдығын 80 жылдық тарихы бар Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспапатары оркестрі ашады. Жауапты концерт жақындаған сайын музыканттар дайындықтарын пысықтап, кемшіліктерімен жұмыс істеуде. Бұл жолғы фестивальге Ресейдің күміскөмей әншісі Олег Погудин, Лариса Долина, дәстүрлі Әзірбайжан мугамының коцерттері қойылады. Осылайша «Дегдар» қайырымдылық қоры мен «Джей ти ай» компаниясы ұйымдастырған 3 күндік коцертке елорда тұрғындары мен қонақтары тегін кіре алады.


Нұргүл Сүлейменова, фестивальдың атқарушы продюсері:

-Бұл жобаның ерекшелігі  — әр саладығы әлеуметтік жағдайы әртүрлі жұртышылықтың басын қосып, биік өнерді халыққа жеткізу.  Бұл жоба Астана қаласының жұртшылығына сыйлық.